АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тележүргізуші Дана Нұржігіт депутат болып тағайындалды[:]

[:kz]

Көпке белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт сенат депутаты болып тағайындалды. 

Сүйінші хабарды тележүргізушінің өзі парақшасында хабарлады. 

«ҚР президентінің жарлығымен ҚР парламентінің сенат депутаты болып тағайындалдым», — деп жазды ол. 

Әр жылдары бірнеше бағдарлама тізгінін ұстаған, телеэкранның көркіне айналған, көрерменге ой саларлық салмақты бағдарламаларды жүргізген Дана Нұржігіт ҚР парламенті сенатының депутаты болды. 

Тиісті жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. 

Нұртөре Жүсіп пен Асқар Шәкіров сенаторлар болып тағайындалды,

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жүсіп Нұртөре Байтелесұлы және Шәкіров Асқар Оразалыұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып тағайындалды», — делінген сайтта.

Нуртөре Жүсіп — белгілі журналист және қоғам қайраткері.

Асқар Шәкіров бұған дейін Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған.

https://stan.kz/telezhurgizushi-dana-nyrzhigit-deputat-bolip-tagayindaldi-320599/

[:]