АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Тауда ән айтып тұрған Ғаділбектің үстіне баннер құлап кетті[:]

[:kz]

 

Тауда өнер көрсеткен Ғаділбек Жаңай ыңғайсыз жағдайға тап болды. Ол ән айтып тұрған сәтте үстіне баннер құлап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған сәттің видеосын әнші Instagram парақшасында өзі жариялады. Әрдайым әзілдеп жүретін, өмірге позитивпен қарайтын әнші бұл жағдайды да жеңіл қабылдағанын жеткізді.

«Өмір лимон берсе, лимонад жасап ал деген видео», — деп жазды ол. 
Әнші үстіне баннер құлап кеткеніне қарамастан, әнін жалғастырған. Ал оның әріптес достары жанына жүгіріп келіп, көмек көрсетті.

 

[:]