АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]»Танцор диско деп осыны айт»: Көшеде қарбызын билеп жүріп сататын оралдық «томпақ» жігіт кім [:]

[:kz]

 

Желіде көшеде қауын-қарбызын билеп жүріп сататын жігіттің видеосы тарады. Оқырмандар позитивке толы видеоны қызу талқылап, биші жігітке жылы тілектерін жаудырып жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, қарбыз сатып жүріп, бидің түбін түсіретін жігіт желіде azhgaliev_take.07 нигімен тіркелген, танымал блогер болып шықты. Ол өз парақшасында қарбыз сатып жүріп, Tik Tok түсіріп, көпке танымал болған. Сондай-ақ жігіттің Оралдан екені белгілі болды. Қала тұрғындарының көбі одан қарбыз сатып алатындарын, жас жігіт үнемі жол жиегінде қауын-қарбыз сатып тұратынын айтқан.

Блогердің Instagram желісіндегі парақшасында оның Жахан Отарғаливе, Раим мен Артур, Марат Оралғазин сынды көпке танымал өнер иелерімен таныс екені әрі олармен бірігіп күлкілі вайндар түсіргені байқалады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от UralskGorod (@uralskgorod)

 Желі қолданушылары күннің аптап ыстығына қарамастан, билеп жүріп, қауын-қарбыз сататын қазақтың қарапайым жігітіне жылы лебіздерін жаудырып жатыр.

«Бауырым, ісіңе Алла береке берсін, күн ұзаққа далада тұрып, сауда жасау оңай емес. Бірақ сен соған қарамастан, шаршап-шалдықпай, ешкімнен қысылмай, биге де уақыт табады екенсің, жарайсың, бәріне үлгі болу керек осындай қазақтың балалары», «Биіңіз өзіңізге жарасады екен, жарайсыз», «Бидің түбін түсіреді ғой мына бауырым», «Көпке позитивті көңіл-күй сыйлайтын адамдарды жақсы көремін, өркенің өссін балам», «Осылай көңіл-күйді үнемі көтеріп жүру керек қой, сары уайымға салынбай» деп жазған қазнет қолданушылары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от azhgaliev_takezo.07 (@azhgaliev_take.07)

Айта кетейік, бұған дейін жанар-жағармай бекетінде сатушы болып жұмыс істейтін ақтаулық жігіттің биі туралы жазған едік. Жас жігіт қолы қалт еткенде, жанармай бекетінде би билеп, көптің көңілін көтерген болатын.

kaz.nur.kz/

 

 

[:]