АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Тақия кигеннің бәрі имам емес»: Ақтөбеде базарда пітір садақа жинап жүрген кім? (видео)[:]

[:kz]

Ақтөбеде орталық базар маңында 300 теңгеден пітір садақа жинап жүрген ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

Желіде тараған видеода басына тақия киген ер адамның базар маңында «пітір садақа» деп айқайлап, ақша жинап жүргені байқалады. 

«31 арна» мәліметінше, «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Күзенбаев мұндай адамдарға сенбеуге шақырды. 

«Көшедегі тақия киген адамның бәрі имам емес. Бұл біріншіден. Екіншіден, имамдар көшеде жүріп пітір садақа жинамайды. Бұл жалған ақпарат», — дейді наиб имам. 

 

Сонымен қатар мешіттің баспасөз қызметі пітір садақаны мешітте беруге болатынын айтты. Мешітте садақадан түскен ақша мұқтаж жандарға таратылып беріледі. 

 

Stan.kzа

[:]