АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Сізден де айырылдық па?»: Өнер өкілдері Ғазиза Әбдінәбиевамен қимай қоштасты[:]

[:kz]

 

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, актриса Ғазиза Әбдінәбиева өмірден озды. Өнер өкілдері, әріптестері мен әншілер ғазиз ананы сағынышпен еске алып, қимай қоштасты.

Қазақстанның өнер жұлдыздары, әншілері мен театр актерлері Ғазиза Әбдінәбиеваның сағынышпен еске алды. Жылы естеліктерін жазып, марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтты. 

 

«Жадымызда жарқыраған күйіңізде жатталып қаласыз, жақсы апа. Бақұл болыңыз. Жаныңыз Жәннатта шалқысын. Жалған дүние-ай», — деп жазды Сәкен Майғазиев. 

«Қазақ өнері бүгін ауыр қазаға душар болды. Әуезов театрының актрисасы, Қ.Р. Еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Әбдінабиева өмірден өтті. Соңғы рет телефон соғып жылы сөздерін айтып, біраз сырласып едік. Әрдәйым ақылын айтып жүретін асыл апамыз еді. Қайтеміз енді. Өмір жалған деген осы. Қайғыра көңіл айтамын», — деп жазды актер Азамат Сатыбалды.

«Ғазиза апау,🥲сене алар емеспін. Мына суық хабарды естігенде төбемнен жай түскендей болды ғой. Өмірде де, өнерде де өзіңізден қанша нәрсені үйрендім. Сахнадағы шынайылығыңыз, өмірдегі қарапайымдылығыңыз, еңбекқорлығыңыз бізге өнеге.
Сахнадағы Анашым, бақұл болыңыз,🥲мәңгі жүрегімдесіз», — деп жазды Айгүл Иманбаева.

«Анамыздай болған ардақты ұстазымыздың мезгілсіз қазасын естіп, қабырғам қайысып отыр. Жаным апатайымды Алла мейіріміне бөлеп, жанын пейіштің төрінде шалқытсыншы…», — деп жазды Мейрамбек Бесбаев.

«Апаааай… Сізден де айырылдық па? Екеуміздің туған күніміз бір күнде еді…», -деді Ақбота Керімбекова. 

«Иманды бол, Ғазиза апа! Екі кештің арасында Ғазиза апамның қазасын естіп есеңгіреп қалдым. Жанға жақын, жүрекке ыстық, ерекше жақсы көріп, құрметтейтін қымбаттым еді… Алладан келген бұйрыққа амал бар ма, қимаймыз. Ендігі тек дұғамдасыз. Алла алдыңнан жарылқасын апатай. Шын мәнінде, біз Аллаға тәнбіз әрі Оған қайтушымыз», — деді Қарақат Әбілдина. 

«Ғазиза апайым-ау….Туған апамнан бетер жақын едіңіз… Шексіз мейіріміңізді бүкіл әлемге шашып, бәрімізді еркелетіп жүретін едіңіз. Театрға келген әр жас әртісті Ғазиза апай үнемі мақтап, қолпаштап жүретін. Апау жаныңыз жәннатта болсын. Қазақ сахнасы бос болып қалды. Сіздің орныңыз ерекше еді қашанда!», — деп жазды Салтанат Бақаева.

«Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз мамық болсын. «Тоғысқан тағдырлармен» талай көрерменнің жүрегінен орын алдыңыз. Алла алдыңыздан жарылқасын», — деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова. 

Қазақ театры мен киносының мақтанышы Ғазиза Әбдінәбиева қайтыс болды. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Парасат» пен «Құрмет» ордендерінің иесі Ғазиза Әбдінәбиева 19 сәуір күні 73 жасына қараған шағында өмірден озды

 

[:]