АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шымкенттік экс-олигарх Тоқтар Төлешовтен 1 млрд 215 мың теңге өндірілді[:]

[:kz]

Шымкенттік экс-олигарх Тоқтар Төлешовтен мемлекеттің пайдасына 1 млрд 215  мың теңге өндірілді. Кезінде «Сыра падишахы» атанған тұлғадан бұл қомақты қаржы екі жылдан бері өтелмей келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

2017 жылдан бері мемлекеттік сот орындаушының өндірісінде Тоқтар Төлешовтен мемлекет пайдасына 1,4 млрд теңге өндіру туралы атқару құжаты болған.

Бірақ ұзақ уақыт бойы мемлекеттік сот орындаушының қолынан келмеген іске Шымкент қаласы прокуратурасы араласқан.

«Іс-құжаттарды зерделеу нәтижесінде ЖШС-нің жарғылық капиталындағы активтері ретінде берілген борышкер Т.Төлешовке тиесілі мүліктер анықталды, алайда аталған мүліктерінен өндіруді ұзақ уақыттан бері жүзеге асыра алмаған.

Қала прокуратурасының тікелей араласуымен мемлекеттік сот орындаушы аталған мүліктеріне бағалау жүргізіп, нәтижесімен соттың ұйғарымы негізінде олар мемлекет пайдасына берілді», — деп мәлімдеді Шымкент қаласы прокуратурасы.

Осылайша, Тоқтар Төлешовке қатысты сот үкімі орындалып, жалпы сомасы 1 млрд 215 млн теңгені құрайтын борышкердің мүлкін бюджетке түсуі қамтамасыз етілді.

Сот үкімінің әрі қарай орындалуы Шымкент қаласы прокуратурасының  бақылауында.

 

[:]