АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Шешенстанның халық әртісі қазақша ән шырқап, елді тәнті етті (видео)[:]

[:kz]

Шешенстанның Халық әртісі Элина Муртазова қазақша ән шырқап, елді тамсандырды.  Ол қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың әйгілі “Ана туралы жыр” әнін орындап, видеоның кавер нұсқасын YouTube-те жарияланды.

 
“Шешенстан Республикасының Халық әртісі Элина Муртазова барша аналарға арнап осы бір жантебірентерлік, әсерлі әнді қазақ тілінде орындады”, – деп жазылған.
 
Сондай-ақ, онда екі халықтың арасын достық қарым-қатынас байланыстырып тұрғаны аталған.
 
“Ата-бабамыздың тарихы мен бастан өткерген қиыншылықтары бізді біріктіреді. Шешен халқы ауыр күндерді бастан кешкенде Қазақстан көмек қолын созды”, – деп жазған автор.
 
Элина Муртазова үшін Қазақстан екінші Отаны іспетті. Әнші бір кездері біздің елде тұрған.
 

[:]