АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сәбиімді жақсы бір отбасыға бергім келеді…[:]

[:kz]

Көрнекі сурет.   https://www.9months.ru

Сәлеметсіздер ме құрметті оқырман, қыз-келіншектер! Араларыңызда заңды жақсы білетіндер бар ма?! Маған заңгердің ақылы мен кеңесі қажет болып тұр.

Жүктімін. Жеті ай. Барар жерім, басар тауым жоқ. Далада қалдым. Өмірім астан-кестен болып кетті.

Жүрген жігітім басында-ақ бас тартты, «әзір әке болуға дайын емеспін» деп. Туған-туыстарым да ел-жұртқа масқара еттің деп жолатпай отыр.

Жасанды түсікке бара алмадым. Өзім үшін туып, өзім үшін өсіремін деп шешім қабылдап едім.. өмірдің қара сызықтары таусылар емес.

Жұмыс жасайтын кампаниям банкрот болып, қызметім тоқтап қалды. Басқа жұмыс орындары аяғым ауыр болғандықтан қабылдамайды. Аналар үйінде де орын жоқ. Осы күнге дейін құрбымның үйінде тұрып келдім, қабақ шыта бастаған соң, ол жақтан да кетуіме тура келді. Соңғы ақшамды жұмсап, бөлме жалдадым. Әрі қарай қайда барып, қалай күн көрерімді білмеймін.

Мың ойланып, жүз толғанып, ішімдегі сәбиді жағдайы жақсы, бала сүйе алмай жүрген отбасы болса, сондай адамдарға бергім келеді.

Сәбиімді қатты жақсы көремін, бірақ бұл күйіммен оған дұрыс өмір сыйлай алмайтын сияқтымын. Аш-жалаңаш, қаңғып күн көргенше, жақсы жандардың аялы алақандарының астында өссе деймін.

Мұндай шешім қабылдау мен үшін аса қиын. Мешітке барып, Алламнан кешірім сұраудан жалығар емеспін.

Еңіреп жылап отырмын осы сәтте. Өлімге қарай талай беттесем де, бұл фәниді қия алмадым.

Сәбиім ер бала. Ешқайда туып тастамаймын, ақыға сатпаймын, тек жүректері кең жандар табылып, оны алып, дұрыс өмір сыйласа деймін.

Заң жағы осы тұста не дейді екен? Соны білгім келеді.

Өтініп сұраймын, артық сөгудің қажеті жоқ. Бәріне өзім кінәлі екенімді білемін.

Аноним

alashainasy.kz

[:]