АЛТЫНОРДА
Жаһан жаңалықтары

[:kz]Путин айналасы алты күнде 6 мыңға жуық сарбазынан айырылды[:]

[:kz]

 

29 ұшақ, 29 тікұшақ, 198 танкі, 846 бронды машина, 305 автокөлік, 74 артиллерия қару, 1 “Бук” зенитті зымыран кешені, 77 артиллерия жүйесі, 24 зымыран кешені, 3 дрон, 2 кемесі, 7 әуе қорғанысы кешенінен айырылған.

Ресей алты күн ұрыста Украинаның 1325 әскери нысанын істен шығарды, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков.

Шенеуніктің айтуынша, ресейлік жауынгерлер Украинаның 395 танкін және басқа да бронды техникасын, 59 зымыран кешенін және 179 артиллерия қаруы мен минометін жойды.

Украина қорғаныс министрлігінің 1 наурыздағы дерегі бойынша:
Ресейдің 29 ұшағы, 29 тікұшағы, 198 танкі, 846 бронды машинасы, 305 автокөлігі, 74 артиллерия қаруы, 1 “Бук” зенитті зымыран кешені, 77 артиллерия жүйесі, 24 зымыран кешені, 3 дроны, 2 кемесі, 7 әуе қорғанысы кешені жойылды.

Украина қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, алты күнде Ресейдің соғыста қаза тапқан, жараланған және тұтқынға түскен жауынгерлерінің саны 5710-ға жетті.
Ресей билігі сарбаздарының Украинада қаза тапқанын мойындағы, бірақ қанша жауынгер опат болғанын хабарламады.

dalanews.kz

 

[:]