АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Президент әкімдердің өкілеттігін тоқтату туралы қаулы шығарды[:]

[:kz]

 

Президент әкімдердің өкілеттігін тоқтату туралы қаулы шығарды

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдеріне қатысты жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 87 бабының 5 тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты қаулы етемін:1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.
 
  

[:]