АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Павлодарда 83 жастағы әжей балаларға насыбай сатып келген[:]

[:kz]

Зейнеткермен арнайы әңгіме жүргізіліп, алдағы уақытта мұндай заңсыздыққа жол бермеу керектігі түсіндірілді», — дейді полицейлер.

Павлодар қаласының тұрғыны ас бөлмесінің терезесі арқылы балаларға насыбай сатып келген. Сол себепті, ондағы Қамзин көшесі, 164-үйдің тұрғындары әлеуметтік желі арқылы ата-аналарды барынша мұқият болуға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Олардың айтуынша, сол үйдің бірінші қабатында тұратын әжей балаларға насыбай сатады екен. Бұл мәліметті тексерген полицейлер үйіне қонаққа барып, 83 жастағы зейнеткердің шынымен де осылай заңсыз сауда жасап келгенін анықтады», — дейді полицейлер.

Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 463-бабы 1-бөлімі бойынша іс қозғалып, материал сотқа жолданды.

«Бұл бап бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ, зейнеткермен арнайы әңгіме жүргізіліп, алдағы уақытта мұндай заңсыздыққа жол бермеу керектігі түсіндірілді», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

[:]