АЛТЫНОРДА
Ақорда жаңалықтары

[:kz]»Өте ауыр жыл болайын деп тұр»: сенатор халықтың ақшасын азық-түлікке жұмсауды ұсынды[:]

[:kz]

 
Әли Бектаев қазіргі кезде халықты автокөлікпен емес, азық-түлікпен қамтамасыз ету маңыздырақ деп есептейді
 Сенатор Әли Бектаев «Жасыл даму» АҚ (бұрынғы «Оператор РОП» ЖШС) есепшотында жиналған қаржыны аграрлық салаға жұмсауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
 
Сенаттың бүгінгі отырысында депутат Бектаев оңтүстікте көктемгі дала жұмыстарының басталып кеткенін, алайда жанармай, минералды тыңайтқыштар мен ағын суға қатысты түйінді мәселелердің шешілмегенін мәлімдеді. Соған қарамастан, субсидия көлемі мен түрлері, оларды бөлу тәртібі аяқ астынан өзгертілейін деп жатыр.
«Аграрлық сектор эксперимент жасайтын алаң емес, керісінше, биыл ауыл шаруашылығына қосымша қолдау көрсету қажет. Мүмкін «Жасыл даму» АҚ есепшотындағы утильалымнан жиналған 200 миллиард теңгенің бір бөлігін аграрлық секторға жұмсаған дұрыс болар. Қазіргі кезде халықты автокөлікпен емес, азық-түлікпен қамтамасыз ету маңыздырақ деп есептейміз», — дейді Бектаев.
Сенат депутаты ауыл шаруашылығын субсидиялау тәртібі әлі күнге дейін бекітілмегенін ерекше атап өтті. Осы мақсатта бөлінетін қаржы көлемі де азайған. Ал соңғы оқиғалардан кейін шаруаларға оңай болмайтын тәрізді.
 
«Биыл ауыл шаруашылығы үшін өте ауыр жыл болайын деп тұр. Құрғақшылық, су тапшылығы, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтердің қымбаттауы, оның үстіне Ресейге салынған санкцияларға байланысты азық-түлік тауарлары сырттан ағылады. Бұның барлығы шаруаларымызды тығырыққа тіреуі мүмкін», — деп атап өтті Бектаев.
Осыған байланысты бір топ сенатор үкіметке депутаттық сауал жолдап, аграрлық секторды қолдау шараларын арттыруды талап етті.
Айта кетері, үкімет «Жасыл даму» АҚ есепшотында жиналған қаржының 100 миллиард теңгесін автокредит бағдарламасына салуға шешім қабылдады. Соның нәтижесінде 71 мың адам 4 процентпен жеңілдетілген кредитпен көлік алады.

[:]