АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Нұрағаң салған нұрлы жолды қасқа жолға ұластырыңыз, Қасаға!» — Бекболат Тілеухан[:]

[:kz]

 

Әлбетте, кеудесінде орден жарқырап, жүздері бал-бұл жайнаған әр тұлғаның артында қанша еңбек, қанша маңдай тер жатыр десеңізші.

«Нұрағаң салған нұрлы жолды қасқа жолға ұластырыңыз, Қасаға». Президент қолынан мемлекеттік марапат алған Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан бүгін осылай деп ағынан жарылды, деп хабарлайды Zakon.kz ке сілтеме жасаған  Sn.kz порталыны

Жылдағы әдеттен жаңылмай, ұлы мейрам қарсаңында ел дамуына елеулі үлес қосқандар Ақордаға шақырылып, жоғары наградалармен марапатталды. Олардың ішінде Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан да бар, делінген «Еуразия» бірінші арнасының арнайы сюжетінде.

«Бүгін өздеріңізді марапаттай отырып, Қазақстанды көркейтуге үлес қосқан барлық азаматқа зор ризашылығымды білдіремін. Сіздер нағыз отаншылдықтың, адал еңбектің озық үлгісін көрсеттіңіздер», — Мемлекет басшысы.

Алғашқылардың бірі болып ел ішінде Әкім Тарази атымен танымал, жазушы Әкім Әшімов марапатталды. Ондаған  повесть пен романдардың авторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, енді «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері. «Еңбек ері» атағымен де,  «Отан» орденімен де үш адамнан марапатталды.  «Барыс» орденін алғандар да  аз болмады.  Дариға Назарбаева бастап, Ерлан Тұрғымбаев қостап,  ағынан жарылған Бекболат Тілеухан алғыс сөзімен жалғады.

«Нұрағаң салған нұрлы жолмен бастай беріңіз, соны қасқа жолға ұластырыңыз. Ерте білу сізге серт, ере білу бізге серт. Елбасы іргесін қалап, қабырғасын тұрғызған мемлекеттің өрнегін айшықтап, бау-бақшасын жайнатып, қақпасын қатайтып жатырсыз, Қасаға!» — деді Бекболат Тілеухан.

Ақордаға шақырту алғандардың арасында саяси элитаның белді өкілдерінен бөлек, еңбегі енді ғана елене бастағандар да бар. Отандық вакцинаны өндірген ғылыми институттың  жетекшісі де жоғары марапатқа ие болды.

«Ол сыйлықты ең жоғары дәрежелі ғалымдар алып отыр. Дегенмен де осы жұмысқа биологиялық қауіпсіздік проблемаларды ғылыми зерттеу институтының бүкіл ұжымы қатысқан. Ол 200-ден астам ғалымдар мен қызметкерлер. Осы соңғы екі жылы бізде ұйқы, күлкі жоқ», деді биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья.

Әлбетте, кеудесінде орден жарқырап, жүздері бал-бұл жайнаған әр тұлғаның артында қанша  еңбек, қанша маңдай тер жатыр десеңізші. Жылда ұлы мейрам қарсаңында өтетін салтанатты марапаттау шарасы бас-аяғы бір жарым сағатқа жалғасты. Өзгеден оқ бойы озған 64 адамға мемлекеттік награда табысталды.

«Алдымызда тұрған мақсаттар, міндеттер – өте ауқымды, күрделі. Сондықтан бір ел болып, бір қоғам болып, бір ұжым болып, халқымыз үшін қызмет ете берейік», — деді Президент.

[:]