АЛТЫНОРДА
Сот ісі

[:kz]Назарбаев ескерткішін құлатқан жігітті азаптағандарға қарсы қылмыстық іс қозғалды[:]

[:kz]

 

Қаңтардың басындағы митингілерден кейін ұсталған, азапталған адамдардан көптеген арыз-шағымдар түсуде. Солардың бірі талдықорғандық Азамат Батырбаев. Ол бес баланың әкесі, 37 жаста. 
Азамат Батырбаевтың митингіге қатысқаннан кейін аяусыз азапталғаны жайында ақпарат әуелі әлеуметтік желіде тарады. Сосын ақпарат құралдары назар аудара бастады. Бірнеше дереккөздің хабарлауынша, Азамат 5 қаңтарда Талдықорғанда өткен наразылық акциясына шығып, митингінің өзге қатысушыларымен бірге қаланың басты көшелерінің бірінен Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін қиратуға қатысқан деп хабарлайды Alashainasy.kz/
Желідегі ақпараттар ер адамды құқыққорғаушылар аяусыз соққыға жығып, азаптаған, тіпті денесіне қыздырылған үтік басқан.

“Азаттық” радиосы азапталған азаматтың адвокаты мен туысының кіруге мүмкіндік алғанын жазады. Батырбаевтың әйелі және адвокаты Бауыржан Азанов оның түрмеде азапталғанын растап отыр әрі Бас прокуратураның бұдан хабардар екендігін айтқан.

Сәрсенбі күні Бас прокуратура Батырбаевты азаптау фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

“Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің А.Б. Батырбаевты ұрып-соғу фактісі туралы ақпарат тарап жатыр. Аталған тұлға Талдықорған қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін 2022 жылғы 22 қаңтарында ұсталғанын хабарлаймыз. Ал 23 қаңтарда жауап алу кезінде, ол 10 қаңтарда ішкі істер органдарының қызметкерлері оған дене жарақатын келтіргені туралы айтқан. А. Батырбаевтың бұл арызының негізінде Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде” делінген хабарламада.
Бас прокуратура құқық қорғау органдары тарапынан ұстау және тергеу кезінде заңсыз әрекеттер болғанын мойындаған. Ресми мәлімет бойынша, азаматтардан 109 шағым түскен. 11 шағым бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

 


alashainasy.kz

[:]