АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Миллиондаған адамдарды қанішерлік пен зорлық-зомбылықтан құтқарамыз» – Қадыров (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Шешенстан басшысы Зеленскийге Путиннен кешірім сұрауға кеңес берді. Алаңға әскерилерді жинаған Рамзан Қадыров «шешен жауынгерлері» Отанын қорғауға дайын екенін көрсетпек болғанын айтты. Сондай-ақ, ол жақын күндері «миллиондаған адамдардың қанішерлік пен зорлық-зомбылықтан азат болған күнін» тойлайтынын жеткізді деп хабарлады turkystan.kz.

«Осы орайда, әзірге Украинаның президенті Владимир Зеленскийге «экс-президент» атанбай тұрып, біздің президентімізге, жоғары бас қолбасшыға қоңырау шалып, кешірім сұрауға кеңес беремін» деді ол.

Қадыров шешен жауынгерлері Украинадағы ең ауыр нүктелерде жауға қарсы әрекет ететінін баса айтты.

 
 

[:]