АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мейрамбек Бесбаев әйелімен Барселонада қалай демалып жүр (фото, видео)[:]

[:kz]

Картинки по запросу Мейрамбек Бесбаев әйелімен Барселонада қалай демалып жүр (фото, видео)

Қазақ эстрадасының таптырмас жұлдызы Мейрамбек Бесбаев қараша айының соңында әйеліне екеуіне демалыс жариялауды жөн көрген. Әлемді шарлауды әдет қылған ерлі-зайыптылар бұл жолы Испанияның аса көрікті әрі тарихи қалаларының бірі Барселонаға ат басын бұрған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

«МузАрт» тобының солисі шетелдегі демалысы қалай өтіп жатқанымен өзінің Instagram парақшасында бөлісуде. Бесбаев жары Мархабатпен Барселонада қыдырып жүрген сәтінен суреттер мен видеолар жариялап, елді қуанытп жатыр.

Оған қоса, отандық әнші өз оқырмандарына Испаниядағы ерекше мекенге қатысты тың фактілерді келтірген. Мәселен, әйелі екеуі үлкен ғимараттың қасында суретке түсіп, ол жайлы аса маңызды ақпаратты фотто астында бөліскен.

«1882 жылдан бері салынып жатқан Антонио Гаудидың проектісі Sargado Famillia 2025 бітірмекші» , — деп жазды ел қалаулысы.

Айта кетерлігі, өнер иесі жариялаған бейнематериалдарға қарап, жұбайлар бұл жолғы демалысын балаларынсыз, тек екеуі өткізуді ұйғарғанға ұқсайды. Себебі, Бесбаев салған видеолардың ешбірінде олардың перзенттері бой көрсетпейді.

 

[:]