АЛТЫНОРДА
АнализНовости Казахстана

[:kz]Мамай өзінің оппозиционерсымақ екенін және де құқықтық сауатсыздығын көрсетті – заңгер[:]

[:kz]

Сотта жеңіліс тапқан Мамай сот шешімдерін орындамаса, көлік жүргізу құқығынан уақытша айырулы мүмкін. Ал Мамай мұны заңсыз деп пост жариялаған екен. Осы мәселе төңірегіндегі мән-жайлар бойынша заңгер Серік Ақылбай пікір білдірдіріп, Мамай өзінің құқықтық сауатсыздығын көрсетті дейді.

«Соңғы кездері жалпы интернетте, оның ішінде әлеуметтік желілерде азаматтардың бірі-бірінің орынсыз жеке басына, ар намысына нұқсан келтіретін жарияланымдар көбейіп жатыр. Алдыңғы қатарлы өркениетті елдерге мұндай мәселелер сот арқылы, құқық негізде шешіледі.

Біздің елімізде осы мәселе бойынша бірнеше сот процестерінің куәсі болдық. Тайжан-Сейсембай, Байбек-Мамай және тағы басқалары. Өзім заңгер болғандықтан, мұндай процестерді сырттай байқап жүремін», — деп Серік Ақылбай өзінің фейсбук парақшасында пост жариялаған.

Ол пікірін былай деп жалғастырады:

«Кеше тіркелмеген демпартияның жетекшісімін деп жүрген Жанболат Мамайдың сот шешімін орындамағаны үшін оның көлік жүргізу құқығын сот орындаушысының ұсынысы бойынша шектеу заңды емес деп жазған әлеуметтік желідегі постымен таныстым. Ескерте кетейін, осы мәселеге қатысты сот процесі әлі өткен жоқ. Мамайдың ақпаратына сенсек сот 16 қараша күні өтеді екен.

Жалпы осы жерде Мамай сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп жар салуда. Бірақ бұл түбегейлі қате пайым. Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңда сот орындаушысының осы жағдайдағы іс-әрекеті толықтай белгіленген (34, 39 баптармен танысып шығу керек).

Яғни, сот шешімін орындамағаны үшін сот орындаушысы борышкердің лицензияларын, қандай да бір рұқсат құжаттары мен арнайы құқықтарын, соның ішінде көлік жүргізу құқығын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс бере алады.

Одан әрі қарай сот ұсынысты заңнамада белгіленген тәртіппен қарайды. Бітті, бұл процесте заң бұзушылық туралы бірде-бір факті жоқ».

Сонымен қатар, ол Мамайдың не үшін көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін екендігі жөнінде тарқатып айтқан.

«Неге сот орындаушысы Мамайдың көлік жүргізу құқығын шектеу бойынша сотқа жүгінді?

Мамайдың Байбектен сотта жеңілгенін білесіздер. Мамай сол сот шешімін әлі де толығымен орындаған жоқ. Апелляция өткеннен кейін 3 айдан астам уақыт өтсе де Мамай Байбек туралы жалған деп танылған материалдарды жоққа шығарған жоқ, орналастырған жерлерінен жойған жоқ.

Міне сондықтан сот Мамай мен Иманбаевадан бюджетке кірісіне екеуінен де 140 мың теңгеден өсімақы өндіру туралы шешім шығарған. Бұл да құқықтық мемлекетте орындалуы тиіс заңды процесс. Бірақ әлі күнге дейін сот шешімі орындалған жоқ. Осы орайда сот орындаушысы өзіне заңмен белгіленген өкілеттігіне сәйкес әрекет етуде» — деп, сот орындаушысының іс-әрекеті заң шеңберінде екендігін алға тартып отыр.

Бұдан бөлек, заңгердің айтуынша, егер жауапкерлер сот шешімін бұдан әрі де орындамайтын болса, онда оның салдары қылмыстық жауапкершілікке алып келеді.

«Бұл сот шешімін мәжбүрлеп орындатудың бастапқы қадамдары ғана. Сот шешімін өз еркімен орындау уақыты 6 айдан асып кететін болса, онда сот орындаушысы Қылмыстық кодекс баптарына жүгіне отырып, Мамайды жалпы саны 800 сағат болатын қоғамдық жұмыстарға тарту, тіпті 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу, болмаса 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы да ұсыныс бере алады. Мұның бәрі, Мамай болсын, тағы басқа азамат болсын, сол заңды сот шешімін мәжбүрлеп орындату үшін заңда қарастырылған барлығына бірдей талаптар. Мұндай қадамдар сот шешімі толық орындалғанға дейін жалғаса береді», — делінген жазбада.

Заңгер Мамайдың әрекеттерінен оның құықтық сауатсыз екендігін көруге болады деумен пікірін былайша қорытындылаған:

«Бүгінгі таңда Мамай сот шешімінің тек бір бөлігін ғана орындады. Онда да сот орындаушысы мәжбүрлі түрде 876 402 теңге көлеміндегі сот шығындарын өндіріп алды.

Айта кетейін, Мамай жазған постында өзін қыркүйекте Алматы қаласында адамдарды қырып салған азамат Дружновпен салыстырғандай болды. Артынша Джружнов бірнеше банктерге, сондай-ақ таныстарына қомақты сомма қарыз болғаны белгілі болды. Осы жағдай немен аяқталғанын сіздер жақсы білесіздер. Оқиға орнында бес адам көз жұмды. Бұл негізі үлгі болатындай жағдай емес. Өйткені бұл заңды бұзып, қарызын қайтармай, оның үстіне ауыр қылмысқа барған адамның ісі екенін айтқым келеді. Жалпы құқықтық мемлекетте өмір сүріп отырмыз, барлығымыз заң үстемдігіне бағынуымыз керек.

Ал Мамай болса өзін оппозиционер санап, құқық қорғауда саласында өзін білгіш көрсетіп, бүкіл Қазақстанға тек бос әңгіме таратуда. Құқықтық мемлекет құрайық дейді, бірақ өзі заңға бағынбайды. Бұл неткен екіжүзділік?

Мамай осы әрекеттерімен өзінің оппозиционерсымақ екенін және де құқықтық сауатсыздығын көрсетті. Өз басым көпшілік ақ-қарасын ажыратып, осыны түсінеді ғой деп ойлаймын» — деп заңгер жазбасын аяқтаған.

Altyn-Orda.kz

 

 

 

[:]