АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]»Мақпалдың күлкісін берсін». Алтынбек Қоразбаевтың ерекше батасы Желі қолданушыларын тәнті етті[:]

[:kz]

 

Өнер адамдары бас қосқан отырыста композитор, әнші Алтынбек Қоразбаевтың бата берген видеосы Желіде талқыланып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Кенжебектің шашын берсін, Мұқасанның қасын берсін, Диета.KZ-тің көлемін берсін, Марал Анарбектің өлеңін берсін, Мақпалдың күлкісін берсін, Мейрамбектің ұйқысын берсін! Оразаларың қабыл болсын. Қазағымыз аман болсын! Мақпалымыздың өнері шамамен 40 жыл жалғассын», — дейді Алтынбек Қоразбаев.

Желі қолданушылары Алтынбек Қоразбаевтың заманауи бата айтқанын жазған:

Керемет заманауи бата.

Заманауи бата. 

Жақсы әрі қалжыңы аралас бата ғой өз араларында не бопты?

Мейрамбек жас кезінде ұйықтап қала беріп әбден куйдірген-ау Алтынбек ағасын

Сөз жоқ, керемет!

[:]