АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Мақпал Жүнісова қызы Мереймен бірге түскен видеосын жариялады[:]

[:kz]

Мақпал Жүнісова қызы Мереймен бірге сахнада ән шырқаған видеосын желіде жариялады. Көпшілік анасы мен қызын бірге көргенінен қуанып жатыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Халықтың ерке әншісі Мақпал Жүнісова қызы Мереймен бірге ән шырқаған видеосын желідегі парақшасында жариялады. Мұны көрген желідегі оқырмандары мен өнер өкілдері, әріптестері қуанысып жатыр. 

“Сәттілік, Мақпал апайым”, – деп жазды Айгүл Иманбаева.

“Алдағы концерттеріңізге Алла сәттілігін берсін, әпке!”, – деді Индира Елубаева. 

Мақсат Базарбай, Ерғали Әбдірайымов, Дидар, Кәден, Жасұлан Базарбаев, Арман Дүйсенов, Ғазизхан Шекербеков тағы да басқа әншілер қолдау білдірді. 

Айта кетейік, Мақпал Жүнісова 1 мамыр күні Алматы қаласында ән кешін өткізді. Кеште қызы Мереймен бірге ән салды. Бұл осы концерттің үзіндісі. 

[:]