АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қырғыз билігін күшпен басып алмақ болған депутат тұтқынға алынды[:]

[:kz]

Қырғызстан парламентінің депутаты Бақытбек Жетігенов билікті күштеп басып алуға дайындалды деген күдікпен тұтқындалды. Ол Жоғарғы Кеңеске сайлау аяқталғаннан кейін ереуіл ұйымдастырып, елде төңкеріс жасауды жоспарлаған, деп хабарлайды Exspress Qazaqstan.

Республика Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Иманқұлов мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінің артында «ірі тұлғалар» болуы мүмкін екенін жоққа шығармады, деп жазады РИА Новости басылымы.

Мен бұл ұсталғандардың кейбірін білемін. Оларға арам ойлылардың қаруына айналып кетпеуге кеңес бергенмін. Мені тыңдамай, өздері барып құрбанға шалынғаны өкінішті,

— деді ол Марат Иманқұлов.

Оның айтуынша, бұған дейін елдегі жағдайға көңілі толмайтын тұлғалармен келіссөздер жүргізілген.

Әлеуметтік желіден
Әлеуметтік желіден

Қауіпсіздік қызметкерлерінің айтуынша, депутаттар мен бұрынғы шенеуніктер бастаған бір топ адам дауыс беру қорытындысы жарияланғаннан кейін Бішкекте жаппай наразылық акцияларын ұйымдастырмақ болған. Осылайша олар тәртіп сақшыларымен қақтығыс шығарып, кейін билікті басып алуды көздеген.

[:]