АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Күйеуім көшіп кетті»: Әкесінің аманаты үшін қазақ жерінен кете алмаған неміс қызы туралы не білеміз [:]

[:kz]

 

Светлана Григорович — Ұлытау өңірінде туып-өскен неміс қызы. Ұлты неміс болғанымен, ол тарихи отаны — Германияға барудан бас тартқан. Қазақ тілін жақсы меңгерген әйел қазақ жерін де жанындай жақсы көретінін айтады. Бұған әкесінің қазақ еліне деген шексіз құрметі мен артында қалдырған аманаты себеп болған. Бұл туралы Светлана Григорович блогер Айсұлтан Жақыповқа берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Светлананың сөзінше, ол Ұлытау өңірінде туып-өсіп, білім алған.

Оқу бітіргеннен соң туған жерінен ешқайда кетпей, осында еңбек етіп келеді. Тіптен, жақындары мен өмірлік серігі Германияға қоныс аударған кезде де Светлана туып-өскен жерін тастап кетпейтінін айтып, жалғыз ұлымен бірге қалып қойған екен.

«Жолдасым Германияға көшіп кетті. Мен қоныс аударуға келісімімді бермей, ұлымды алып осы Қазақстанда қалдым. Қазіргі таңда ұлым Нұр-Сұлтанда тұрады. Есімі — Артур. Ұлымды үйлендірдім. Келінім — қазақ, Тараздың қызы. Құда-құдағиларымызбен араласып, тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз», — дейді ол. Светлана туған-туыстарының 80 пайызына жуығы Германияда тұратынын жеткізді. Жақындары оған жиі хабарласып, «тарихи Отаның — Германияға келіп қайтпайсың ба?» деген сыңайда ұсыныстарды жиі айтады екен. Бірақ, Светлананың Ұлытаудан кете алмайтын үлкен себебі бар. Ол — әкесінің аманаты. «Менің әкем «Көзімнің тірісінде осы қазақ жерінен, әсіресе Ұлытаудан ешқайда бармаймын, мен өлсем, осы жерге жерлеңдер» деп аманаттаған еді. Әкемнің сол сөзі жүрегімде сақталып қалды. Ұлытауды біртүрлі қимаймын. Түрім еуропалық болғанымен, жүрегім қазақ деп соғады», – дейді неміс қызы.

 

kaz.nur.kz/

[:]