АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Көршісінің үйіне ет ұрлауға барып, қаруын ұмытып кеткен түркістандық ұсталды (фото) [:]

[:kz]

 

Түркістан облысында ет ұрлауға барып, қаруын ұмытып кеткен ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz. Бәйдібек аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, үйіне ұры түскенін айтқан. Оның сөзінше, түнде белгісіз біреу сарайда ілініп тұрған қазы мен 15 келідей қой етін көтеріп кетіпті.

Сонымен қатар, ер адамның оқиға орнында мылтығын ұмытып кеткені белгілі болды. Хабар алысымен тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарына кірісіп, үш сағаттың ішінде күдіктіні қолға түсірді.

Олардың мәліметінше, ұсталған ер адам бұған дейін де істі болған екен. Одан бөлек, күдікті мен арызданушының бір көшеде тұратыны анықталды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр, ал күдікті қамауға алынды.

kaz.nur.kz

 

[:]