АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Коронавирусты тоқтату үшін Қазығұрттың басына пирамидалар салып тастаған профессор сотталғалы жатыр (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 
Профессор Нұһ пайғамдардың кемесі қайырлаған маңда бой көтерген үш бұрыштар адамзат баласының басына төнген бәлекеттің алдын алатына сенімді. Алайда профессордың пікіріне иланушылар тым аз.

Қазығұрт тауының басында пирамидалар тұрғызған профессор осылай әлемге етек жайған кеселді тоқтатпақшы. Бұл әрекеті үшін енді ол сот алдында жауап бермек, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

«Дәл қазір мен Қазығұрт тауының үстінде тұрмын. Бұл жер теңіз деңгейінен 1 500 метр биіктікте. Байқап тұрғандарыңыздай, менің артымда мынадай үшбұрышты пирамидалар орналасқан. Мұнда осындай төртеуі бар. Әрқайсысының биіктігі 3 метрден кем емес. Ерекше құрылыстың авторы — Қазығұрттану ғылыми зерттеу институтының директоры.

Оның айтуынша, өзіне аян берілген. Онда дәл осы жерде 12 мыңдай жыл бұрын пирамидалар болғанын айтыпты. Соны жаңғыртса, әлемде жайпаған қытай індеті тоқтайтды деген. Көмек сұрап шенділерге барғанмен, тауы шағылып қайтқанын айтады. Бірақ аманатқа қиянат жасай алмай, құрылысты бастап кетіпті. Шамамен 2,5 млн тенге қаражат жұмсаған. Қомақты қаржы қордан алынды деп отыр», — дейді телеарна тілшісі.

«Бірінші екеуін бітірдік 15 маусым күні. Бітірген күні біз Шымкент қаласына барсам 500-ге азайыпты вызов. Осы екі жылдың ішінде белгілі болады, Құдай қаласа, енді коронавирустың тоқтауына… Мынау пирамидалардың 7 метрлігін қойғанда бүкіл әлем тоқтауы керек жетеуге жеткенде. Мен солай түсінем, мынау қазір аздау», — дейді «Қазығұрттану» ғылыми зерттеу институтының директоры Бералы Артығалиев.

Бералы Артығалиев биіктігі үш метрлік төрт пирамиданың күші аздау болып тұр дейді. Ол бұл маңда ұзын саны 19 пирамиданың орны барын анықтапты. Профессор Нұһ пайғамдардың кемесі қайырлаған маңда бой көтерген үш бұрыштар адамзат баласының басына төнген бәлекеттің алдын алатына сенімді. Алайда профессордың пікіріне иланушылар тым аз. Жергілікті тарихшы Қайрат Анарбаев та пирамида болғанынан сене алар емес.

«Ондай қорымдар болған, сақ қорғандары бар, үйсін қорғандары бар, басқа да ақыртас пирамидасы дейміз. Оны халық біледі. Әлем біледі. Ал енді Қазығұрттың басында пирамида болған дегенді өз басым қазірге дейінгі қолға түскен деректерде мен оқып білген жоқпын», — деді Тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев.

Есесіне тұрғызылған пирамидаларға шүйлігушілер көп. Жергілікті атқамінерлер профессордың әрекеті заңсыз екенін жеткізді.

«Ешқандай жер де алмай, рұқсат та алмай өз бетінше барып иеленіп отыр. Бұл өз бетінше жерді иелену,- дейді. Бұл бойынша 75 АЕК айыппұл салынады. Мемлекеттік сәулет басқармасы тарапынан тексеріліп, қазіргі уақытта сотқа берілді», — дейді Қазығұрт аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сәбит Әлсейітов.

Шенділер келер аптада бұл іс сотта қаралатынын мәлімдеді. Алайда институт директоры тағы бір пирамиданы тұрғызуға асығуда. Тіпті қаражат та жинап қойған. Айтуынша оған 10-қыркүйекке дейін уақыт берілген.

[:]