АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]Көпшіліктің қызу талқысына түскен видеодағы «прокурордың әйелі» кім екені анықталды [:]

[:kz]

 

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде өзін «прокурордың әйелімін» деп таныстырған әйелдің күзетшімен жанжалдасып, оған «проблема туындатамын» деп уәде берген видеосын қызу талқылап жатыр. Бұл жазбаға прокуратурамен қатар полиция да түсініктеме берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

TikTok-та пайда болған видеоны журналист Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында жариялады. Видеоның Қызылорда облысында түсірілгені көрсетілген.

Бейнежазбадан ақ киім киген әйелдің күзетшіге дауыс көтере сөйлеп, өзін прокурордың әйелімін деп таныстырады. Онымен қоймай күзетшіге «проблема туындатамын» деп уәде береді. Әрі қарай видеодағы кейіпкер қызыл киімдегі әйелге наразылығын білдіріп, жанжал болған жерден кетіп қалады. Қызылорда облыстық прокуратурасы Facebook-тегі ресми парақшасында видеодағы әйел облыс прокурорының жұбайы емес екенін айтып, оқиғаға пікір білдірді.

«Әлеуметтік желілерде «Қызылорда облысы прокурорының әйелі «күзетшіге барып шу шығарғаны» туралы ақпарат тарауда. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Облыс прокурорының жұбайы – Бижанова Татьяна Анатольевна. Ұлты орыс. Видеодағы әйел мүлде басқа адам. Мәлімет үшін ескертеміз, жала жабу мәліметтерін тарату заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын хабарлаймыз», – делінген ведомство хабарламасында.

Осы орайда видеодағы ақ киімді әйелдің жеке басын Шымкент полициясы анықтаған. Ведомствоның мәлімдемес Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланлы. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 19 шілде күні әл-Фараби аудандық ПБ-на күзет қызметкерінен арыз түскен.

Онда 15 шілде күні сағат 2 шамасында ЖШС ғимаратында белгісіз бойжеткен күзет қызметкерлеріне балағат сөздермен тіл тигізіп, оларды қорлағаны айтылған. Осылайша, әйелдің кім екені, оның жеке басы анықталды. Ол 1984 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Келіншек бұрын прокуратура қызметкері емес азаматтың әйелі болған. Қазіргі уақытта ол ресми түрде ешкіммен некеде тұрмайды. «Соңғысына қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша (Ұсақ бұзақылыққа) әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделуде», – деді Шымкент қалалық полиция департаментінен.

kaz.nur.kz

 

[:]