АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Көбі бірден көз жұмды»: Шереметьеводағы өртенген ұшақтың жолаушысы сұмдық жайтты айтып берді (видео)[:]

[:kz]

Мәскеудің Шереметьево әуежайында өртеніп кеткен ұшақтың жолаушысы оқиға туралы айтып берді. Ол ұшақтан соңғы болып шыққан екен. Айтуынша, 13-қатардан бастап жолаушылар шыға алмай, көз жұмыпты. Сонымен қатар ол ұшақтың өртеніп жатқан видеосын жариялады.

Сурет: Видеодан скриншот

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 112 Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Олег Молчановтың сөзінше, ол ұшақ «пластик стақан» сияқты жылдам жанып кетеді деп ойламапты. 

«12-қатардан кейін ешкім тірі қалмады. … Қатты ыстық болды. Көбі бірден көз жұмды», — дейді ер адам. 

Молчановтың пікірінше, тірі қалу үшін жолың болып, дүрлікпеу керек. Себебі қара түтінмен бір демалған адам орнынан тұра алмай қалады, дейді. Айтуынша, ұшақта демалу мүмкін болмапты.

«Мен соңғы болып шықтым. Менен кейін артқы қатарлардан адамдар шықпады. Неліктен 12-қатардан кейінгілердің бәрі қайтыс болғанын нақты айта алмаймын. Бірақ бірінші нұсқам, адамдар жақын есікке ұмтылған болуы мүмкін. Ол – ұшақтың артқы жағындағы есік. Екінші нұсқа, олар ұшақтың қанатынан шыққан өрттен көз жұмуы мүмкін. Алдыңғы қатарларда болып, шыға алмай қалғандар иіс газымен уланған. Екі рет демалса, соның өзі жетеді», — дейді Молчанов. 

Ұшақта болған жолаушы экипаж бен өзге де жолаушылардың нұсқасын растап, ұшаққа найзағай түскенін айтты. Сонымен қатар 18-қатарда болған адамның аман қалғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.Оның пікірінше, жолаушы ұшақ жерге қонған бойда есікке ұмтылған болуы мүмкін. 
Молчановтың айтуынша, ол ұшақтың үстіңгі жағы қатты ыстық екенін сезген. Сондықтан бастапқыда есікке қарай еңкейген күйде беттепті. Ал есінен айырыла бастағанын түсінгенде, еңбектеп жеткен. Оның еш жері күйіп қалмаған екені.

«Орнымнан тұрғанымда жоғары жақта ештеңе көрінбеді. Тек қап-қара түтін. Басқа адамдарды көрмедім», — дейді Олег.

Ер адам түсіріп алған видеода ұшақтың өртеніп жатқаны көрінеді. Сол жерде өрт сөндірушілер, экипаж мүшелері мен зардап шеккендер жүр.

Ескерту! Видеоны 18 жасқа толмағандарға, жүкті әйелдер мен психикасы әлсіз жандарға көруге болмайды.

 

 

[:]