АЛТЫНОРДА
Ақорда жаңалықтары

[:kz]Қазақстандықтардың 70%-дан астамы Тоқаевтың қызметін қолдайды — Әлеуметтік сауалнама[:]

[:kz]

 

ҚР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі наурыз айында қазақстандықтардың қоғамдық көңіл-күйін анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ortcom.kz-ке сілтеме жасап.

Оның нәтижесі бойынша, сауалнамаға қатысқандардың  70 пайызынан астамы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметін оңды бағалайтыны анықталды. 

Респонденттердің  67,4%-ның Тоқаевқа деген көзқарасы соңғы сайлаудан кейін өзгерген. Сұралғандардың басым бөлігінің  (42,1%) пікірінше, президент бірінші кезекте азаматтардың бостандығы мен құқығына назар салуы керек. Мұны сарапшылар қаңтарда болған оқиғамен байланыстырады. 

Тағы 41,4% қазақстандықтарды айлық жалақының, зейнетақы мен жәрдемақының көтерілуі мәселесі алаңдатады. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін қатысқандардың 35,3%-ы қолдады. Халықаралық қатынастарды нығайту 32,5% халықты алаңдатса, тұрғындардың 26,3% президенттің жемқорлыққа көбірек ден қойғанын қалайды. 

Сауалнамаға қатысушылардың жартысынан астамы (56,7%) Президент қызметінің негізінде қауіпсіздік, әлеуметтік әділеттілік (35,9%), тұрақты экономикалық даму, әрбір отбасының амандығы, қоғамдағы достық пен келісім (26-28%) мәселелері болуы тиіс деп есептейді. Респонденттердің көпшілігі (71,3%) оптимистік көңіл-күйде және алдағы екі жылда өзгерістер болатынына сеніммен қарайды. Бұл ретте респонденттердің жартысынан көбі (51%) Қазақстандағы өмірді жақсартуға деген өз үміттерін тікелей Президентпен байланыстырады. Сауалнамаға қатысқандардың 20,5%-і Үкіметке, ал 15%-і жергілікті атқарушы органдарға үміт артады, Парламенттің (Сенат, Мәжіліс) сенімі – 14,1%. Олар үшін ең маңызды құндылықты таңдағанда, респонденттердің көпшілігі бірінші орынға қауіпсіздікті қойды (60,2%). Сауалнамаға қатысушылардың 34,3%-і үшін бұл — тәуелсіздік. Респонденттердің төрттен бір бөлігінен астамы үшін (27,2%) мемлекет тарапынан көмек ең жоғары құндылық болып саналады. Әділдікке 23,1%, бостандыққа – 22,5%, тәртіпке – 19,6% респондент дауыс берді. Әлеуметтік зерттеу 2022 жылдың 15-24 наурызы аралығында жүргізілді. Іріктелгені — 1863 респондент, 18-50 жас аралығындағы ҚР тұрғындары, интернет пайдаланушылары. Сауалнама жүргізілген жерлер: Нұр- Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, елдің 14 облысы.

 

[:]