АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстандық азамат жиеніне бауырының жартысын берді: Жағымды оқиға жалғасын тапты[:]

[:kz]

Алматы облысында нағашысы жиен қарындасына донор болып, бауыр берген, ал әйел кейін бала көтеріп, дүниеге сәбиін әкелген. Осылайша, Әйкерім Бегалы ауыр отадан кейін сәбилі болған елдегі 3-ші адам болды. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарқын мен Әйкерім қарапайым отбасылардың бірі, 2009 жылы үйленіп, 2010 жылы сәбилі болған, алаңсыз өмір сүріп жатқан. Алайда 2015 жылы жайсыз хабар жетіп, отбасының тыныштығы бұзылған, Айкерімге бауыр циррозы диагнозы қойылған. Өкінішке қарай, бұл дерт емге көнбеді.

 

«15-ші жылы цирроз деген диагноз қойылып, ешқандай ем нәтиже бермеген соң, ауыстыруға тура келді. Содан екі жыл біз донор күттік», — деді терапия бөлімінің меңгерушісі Дана Байсақова.

Әйкерімнің нағашы ағасының қан тобы сәйкес келіп, донор болуға келіседі.

Ота 2017 жылы сәтті өтіп, Әйкерімнің жаңа өмірі басталды. Дәрігерлер оған бала көтеруге қатаң тыйым салды, тіпті бір рет жасанды түсік жасатып, жүктілікті тоқтатуға мәжбүр болған.

«Баланы дүниеге әкелу мен үшін де, бала үшін де қауіптің бірі болды. Қауіп менің денсаулығыма, өміріме және баланың дені сау, аман-есен тууына. Дегенмен де, отаның күрделілігі, әрі қарай дәрі-дәрмекпен өмір сүру, балаға қауіптің көзі», — деді Әйкерім Бегалы.

Жиеніне бауыр бөліп берген Берік Әбитов Текелі қаласында тұрады. Бауырып ақырындап қалпына келіп жатыр, өзі спортпен шұғылданады, салауатты өмір салтын ұстанады. Әйкерімнің отадан кейін тағы бір сәбилі болуы Берік үшін де таңқаларлық жағдай.

«Мен ойлайтынмын, болды, осыдан кейін өзін-өзі күту керек деп. Босанғаныны таң қалдым, Алланың құдіреті күшті. Ең бірінші — Құдай, одан кейін — медицина ғой, шыны керек. Сүйіншісін сұрады, қасымдағы жолдастарыма да айттым, олар да қуанды, таң қалды», — деді Берік Әбитов.

Әйкерім басын қатерге тігіп, «жалғыз баламен қаламыз» деген қорқыныштарын жеңіп, Ерасыл атты ұлына серік болсын деп Ералы есімді батырды дүниеге әкелді. Бұл жерде отандық медицинаны ерекше атап өту керек. Операциядан кейінгі оңалту процессі, жүктілік кезеңі, Әйкерім дәрігерлердің жіті бақылауында болған.

«Үнемі бақылауда ұстадық. Қалыпты жүктілік кезінде айына бір рет келсе, бұл кісі бізге айына екі рет қаралды. Мерзімі жеткен кезде оны Алматыдағы акушерлік-гинекологиялық институтына жіберіп, кесар тілігі арқылы баланы туғызып алдық. Бәрі сәтті өтті, қазір жағдайы жақсы», — деді терапия бөлімінің меңгерушісі Дана Байсақова.

Әйкерімнің батылдығын күйеуі Жарқын да мойындайды.

«Келіншегімнің қайтпас қайсарлығы десек болады. Батырлығы, оны ашық айта аламын. Өйткені өте сирек екен. Қазақстан бойынша 3-ші адам деген өте сирек кездесетін жағдай. Сондықтан медицина қызметкерлеріне, жолдасыма баланы дүниеге әкелгеніне рақметімді айтамын. «, — деді Жарқын Шынтаев.

«Басынан аяғына ейін осы баланы дүниеге алып келуіме көмектескен дәрігерлеріме, барлық медицина қызметкерлеріне шексіз ризашылығымды білдіремін», — деді Әйкерім Бегалы.

[:]