АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда кафелер мен қонақ үйлер 18 мамырдан бастап жұмыс істейді [:]

[:kz]

Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында экономика салаларын қалпына келтіру және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірнеше нақты шешімдер қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

2020 жылғы 13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезказган, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларымен әуе қатынасы ашылады.

2020 жылғы 18 мамырдан бастап мына нысандарға санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуге рұқсат беріледі: қонақ үйлер; қоғамдық тамақтану объектілері (30 адамдық орынмен); таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жазғы алаңдары; 2020 жылғы 18 мамырдан бастап діни мекемелерге (жалпы ғимараттың қызмет көлемінің 30 пайызын ғана толтыра отырып).

2020 жылғы 1 маусымнан, кезең-кезеңмен, ішкі темір жол қатынасын, Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің талаптарын ескере отырып жандандыру жоспарланып отыр. Билеттер 2020 жылғы 15 мамырдан сатыла бастайды. Сонымен қатар, жиында шетелдегі Қазақстан азаматтарын елге қайтару мәселелері қаралды.

 

 

https://kaz.nur.kz/1855637-kazakstanda-kafeler-men-konak-jler-18-mamyrdan-bastap-zmys-istejdi.html

[:]