АЛТЫНОРДА
Блог Гайнижамал Шекей

[:kz] Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында[:]

[:kz]

 img_84512016 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні аясында Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің үздік оқушыларымен  кездесті.

Елбасының тапсырмасына сәйкес республикада 16 Назарбаев  Зияткерлік мектептері ашылды, олар оқу процесіне инновацияны және үздік халықаралық тәжірибені енгізетін эксперименталды алаң  болып табылады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында  жас өрендер Қазақстан Тәуелсіздігінің  қалыптасуы мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  мемлекеттің құрылуы мен дамуындағы рөлі, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық  идеясын ілгерлету тақырыптарында  эссе жазды.

Мемлекеттік хатшы  Гүлшара Әбдіқалықова кездесу барысында оқушыларға Ел Президентінің жауапты әрі күрделі қызметі туралы  айтып берді. Мемлекеттік хатшы  Ұлт Көшбасшысының балаларға әрдайым қамқорлықпен қарайтынын жеткізді. Елбасы атап өткендей, «Балалар тәрбиесі –  бұл болашаққа салынған инвестиция.  Біз бұл мәселеге келгенде  осыны терең түсініп,  өз балаларымызға  сапалы білім беруге әрдайым ұмтылу  керекпіз».

         Өз кезегінде, Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің үздік оқушылары өздерінің Президенттің «Ақорда» Резиденциясын аралаудан, Астанадан алған әсерлерімен және келешек жоспарларымен бөлісті.

       Кездесу соңында  Мемлекеттік хатшы  оқушыларға оқуда озат болуға,  өз қатарларына үлгі болуға және ең батыл  мақсат-мұраттарын жүзеге асыруға  тілектестігін білдірді.

Алтынорда

[:]