АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстан президенті пандемия құрбандарын үнсіз еске алу рәсіміне қатысты (видео)[:]

[:kz]

Қазақстанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12.00-де бүкіл ел аумағында бір минуттық үнсіздік болып өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен басқа да мемлекеттік қызметкерлер коронавирустан көз жұмғандарды осылайша еске алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысының өкімімен 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленген болатын. Осыған орай түнгі сағат 00:00-ден бастап еліміздегі барлық мемлекеттік ту төмен түсірілді.

 

Ал бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12:00-де республика бойынша коронавирус пандемиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды.

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясының алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алды. Сонымен қатар рәсімге мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, президент әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, президент кеңсесінің бастығы Нұрлан Онжанов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысты.

Індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймағында өтті.

Бұған қоса Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев марқұмдардың туыстарына көңіл айтқан еді. 

Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 59899 адам болды. Олардың 375 індеттен көз жұмды. 

[:]