АЛТЫНОРДА
Новости Шымкента

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 30 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

img-20151014-wa0053Күні кеше облыс әкімдігінде әлеуметтік қорғау саласының 9 айында атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша мәжіліс өтті. Күн тәртібінде  халықты жұмыспен қамтамасыз етудің 2015 жылға арналған кешенді жоспарының орындалуы талқыланды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2015 жылға жалпы 5,5 млрд.теңге бөлініп, 40,7 мың адамды жұмыспен қамту көзделді. Ағымдағы жылдың 1 қазанына 43 мыңнан астам азаматқа әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Оның ішінде 30 мыңнан астам қатысушы тұрақты жұмыспен қамтылса, 796 азаматқа шағын несие берілді. Ал, 1531 нысаналы топтағы азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындары ашылып, 1712 жас жастар практикасына жолданды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды, жастардың (15-28 жас аралығында) жұмыссыздық деңгейі 3,4 пайызды құраса, кедейлік деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда 5,3 пайызға дейін төмендеді (2014 жылы 6,1%). Мәжілістің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандарға еркін кіріп-шығуды қамтамасыз ету жұмыстарына тоқталып өтілді. Бүгінгі таңға облыс бойынша 4083 әлеуметтік инфрақұрылымдық объектілерге, оның ішінде 81,2%-ына немесе 3316 объектіге қолжетімділік шараларын қабылдау қажеттігі белгіленді. 2015 жылы 844 нысанды бейімдеуден өткізу жоспарланса, 9 айдың қорытындысымен 659 нысан бейімдеуден өтті немесе белгіленген жоспар 78,1 пайызға орындалып отыр.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі