АЛТЫНОРДА
Новости

ЖОҒАРЫ СОТ ЧЕЛАХ ҮКІМІН ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫРДЫ

«Жоғары соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы Владислав Челахқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды», деп хабарлады ҚазТАГ. 

«Жоғары соттың қадағалушы алқасы қаулы етеді: Челах Владислав Валерьевичке қатысты аудандық сот үкімі, аппеляциялық алқа қаулысы, кассациялық алқаның қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын, өтініш қанағаттандырылмайды», — деді Жоғары соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов.
«Аталмыш іс мұқият зерттелді, жазбаша түрде берілген барлық дәлелдер тексеріліп, оларға заң тұрғысынан дұрыс баға берілді», — деп толықтырды ол.
«Сотталушыдан түсініктеме алу барысында оған ешқандай қысым көрсетілген жоқ, ал бейнежазбаларда монтаждау белгілері жоқ. Осылайша, адвокат Сәрсеновтің өтінішінде көрсетілген Челахтан заңсыз жолмен түсініктемелер алынған деген дәлелдерін іс материалдары теріске шығарды», — деді бас прокурордың көмекшісі Жәнібек Бахтияров.
Ал сол уақыт аралығында В.Челажтың адвокаты Серік Сәрсенов сот шешімін күтпестен ғимараттан шығып кетті.
Бұрын хабарланғандай, процесс барысында адвокат Серік Сәрсеновтің Жоғары соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов пен бас прокурордың көмекшісі Жәнібек Бахтияровқа білдірген қарсылығы кері қайтарылды.
Еске сала кетейік, 2012 жылдың 30 мамырында «Арқанкерген» шекара бекетінің өртенген ғимараты, отқа оранған 14 шекарашы денесінің қалдығы мен шекара бекетінен алыс емес жерде орманшының өлі денесі табылған. В. Челах қызметтестерін өлтіргенін мойындады. Тексеру нұсқасы бойынша қылмыстың орын алуына заставадағы ішкі жанжал себеп болған.
1 қазанда В.Челахқа Қылмыстық Кодекстің сегіз бабы 2 және одан да көп адамның өлімі, ұрлық, «құпия» белгісі бар құжаттарды ұрлау, қару жарақтарды ұрлау және заңсыз сақтау, әскери мүлікке зиянын тигізу, тұрғын үйге қолсұғылмаушылықты бұзу және қашқындық бойынша айып тағылды.
2 қазанда Қазақстан Бас әскери прокуратурасы шекарашы В. Челахтың ісі бойынша тергеудің аяқталғанын жариялады.
26 қазанда іс материалдарымен В. Челах және оның адвокаттары толығымен танысып бітірді.
31 қазанда іс сотқа жіберілді , деп хабарлады бас әскери прокуратурадан.
2012 жылдың 11 желтоқсанында В.Челах кінәлі деп танылып, оған қатаң тәртіптегі түрмеде өмір ойы бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылған.
2013 жылдың 6 ақпанында Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот коллегиясы В.Челахқа шығарылған үкімді өз күшінде қалдырды.
21 маусымда  Әскери соттың кассациялық коллегиясы В.Челахтың адвокаты С.Сарсеновтың сот үкімін өзгерту туралы арызын қанағаттандырмады.
2 қыркүйекте Жоғарғы соты В. Челахқа қатысты қадағалау өндірісін қозғау туралы өтінішін қанағаттандырмай тастады. 16 қазанда В. Челах Қазақстан президентіне рақымшылдық көрсетуін сұрап хат жазды. 12 желтоқсанда Президент жанындағы комиссия В. Челахқа рақымшылық көрсетуден бас тартты.

http://www.aikyn.kz/articles/view/41561