АЛТЫНОРДА
Новости

ЖИРИНОВСКИЙГЕ ҚАТЫСТЫ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Қазақстандық заңгердің шағымы бойынша Ресейдің Тергеу комитеті Владимир Жириновскийге қатысты тексеру жүргізеді. Бұл туралы Tengrinews.kz құқық қорғаушы Асқар Қаймақовтың өзіне сілтеме жасап хабарлады. 

Жириновский ақпан айында Ортаазиялық федералдық округ құру туралы ұсыныс жасаған болатын. ЛДПР жетекшісі «Орта Азияда ешқандай республика болған жоқ. Ортаазиялық федералдық округ болды, басты қаласы — Верный! Қазір қаланың атауы басқа, Алма-Ата — менің туған қалам. Оны ойлап тапқан Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Қазақстан. Ортаазиялық федералдық округ!» — деген болатын.
Құқық қорғаушыға «шағымыңыз тергеуалды тексеру жүргізу үшін Ресейдің Тергеу комитетіне жолданды» делінген жауап келді. Хат авторы Жириновский өзінің атышулы мәлімдемесі үшін РФ Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша жазалануы керек деп есептейді. Жириновскийдің атышулы мәлімдемесіне қатысты еліміздің Сыртқы істер министрлігі Ресейге наразылық нотасын жолдаған болатын.
Бұған жауап ретінде Мемлекеттік Думасы аппараты жетекшісінің орынбасары Юрий Шувалов кейбір саясаткерлердің мұндай пікірлерінің Ресей мен Қазақстан арасындағы қатынастарға ешқандай әсер етпейтінін мәлімдеді.

 Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/47820