АЛТЫНОРДА
Новости

Жазушылар жасаған ең ұлы туындылар мен жазушылар тізімі

«Жазушылар өздерінің сүйікті кітаптарын таңдайды» деп аталатын сауалнама барысында Ұлыбритания мен АҚШ-тың ең танымал 125 жазушысына кітаптардың бірнеше тізімін жасау ұсынылды. Аталған сауалнамаға Норман Мейлер, Стивен Кинг, Энн Патчетт, Джонатан Франзен, Джойс Кэрол Оутс және қазіргі заманның басқа да танымал жазушылары қатысты.

Берілген кітаптар тізіміне көркем әдебиеттегі ең ұлы туындылар (роман, әңгімелер жинағы, драматургиялық туындылар) орналасуы керек еді.

Жазушыларға жалпы қосқанда 544 туынды ұсынылды. Әрбір тізімде кітаптар реттік нөміріне сәйкес, қандай да бір ұпай санын иеленіп отырды. Егер кітап бірінші нөмірмен белгіленсе, оған 10 ұпай, ал егер тізім соңында болса, 1 ұпай беріліп отырды.

Нәтижесінде жазушылардың берген ұпайларына сәйкес, мынадай тізім пайда болды:

ХХ ғасырдың ең ұлы 10 туындысы:

1. «Лолита», Владимир Набоков

2. «Великий Гэтсби»  (Ұлы Гэтсби), Ф. Скотт Фицджеральд

3. «В поисках утраченного времени»,  Марсель Пруст

4. «Улисс», Джеймс Джойс

5. «Дублинцы» (Дублиндіктер), Джеймс Джойс

6. «Сто лет одиночества» (Жүз жылдық жалғыздық), Габриэль Гарсия Маркес

7. «Шум и ярость» (Шу мен қаһар), Уильям Фолкнер

8. «На маяк» (Шамшыраққа), Вирджиния Вульф

9. Фланнери, О’Коннор әңгімелерінің толық жинағы

10. «Бледное пламя» (Бозарған алау), Владимир Набоков

ХIХ ғасырдың ең ұлы 10 туындысы

1.  «Анна Каренина», Лев Толстой

2. «Мадам Бовари», Гюстав Флобер

3. «Война и мир» (Соғыс және бейбітшілік), Лев Толстой

4. «Приключения Гекльберри Финна» (Гекльберри Финнің оқиғасы), Марк Твен

5. А. П. Чехов әңгімелері

6. «Миддлмарч», Джордж Элиот

7. «Моби Дик», Герман Мелвилл

8. «Большие надежды» (Үлкен үміт), Чарльз Диккенс

9. «Преступление и наказание» (Қылмыс пен жаза), Федор Достоевский

10. «Эмма», Джейн Остин

Ең ұлы 10 жазушы (барлық уақыттың)

1. Лев Толстой

2. Уильям Шекспир

3. Джеймс Джойс

4. Владимир Набоков

5. Федор Достоевский

6. Уильям Фолкнер

7. Чарльз Диккенс

8. Антон Чехов

9. Гюстав Флобер

10. Джейн Остин

Сурет: reasonsforgod.org

 

http://massaget.kz