АЛТЫНОРДА
Новости

Жайлылық маңызды ма?

Жайлылық маңызды ма?Жастық – адам өміріндегі маңызды нәрселердің бірі. Жастық жайсыз, тым үлкен не өте кішкентай болса, бірте-бірте мойын омыртқасының қисаюына – остеохондроз ауруларына алып келуі ықтимал. Сондықтан жайлы ұйықтау үшін өзімізге ыңғайлы жастықты қалаймыз.

Қазіргі кезде жастық пішіні бойынша және ішіне салынған материалға орай бірнеше түрге бөлінеді.

Жастықтың 50х70 және 70х70 көлемдегісі көбірек кездеседі. Шалқасынан жатып ұйықтайтындарға 50х70 көлемдегісі ыңғайлы.

Бұрын құстың мамығынан әзірленген жастықтар ғана болса, қазір жібектен, синтетикалық мамықтан, бамбуктан, емдік шөптен және жүннен жасалған жастықтар көп.

Табиғи материалдан жасалған жастықтар жылуды жақсы өткізеді. Жасы үлкен кісілердің көбісі 70х70көлемдегі осындай жастықты ұнатады. Ал кішкентай сәбилерге дәрігерлер сколиоз ауруының алдын алу үшін кішкентай, тығыз, қатты жастық алуға кеңес береді.

Заманауи технологияның арқасында жастық әзірлейтін кәсіпорындар аллергияны болдырмайтын тәсілдер қолдануда. Аллергиясы бар жандар дәріханалардан осындай жастықтарды сатып алуларына болады.

Сондай-ақ мойын омыртқасы ақауы бар жандарға арнайы ортопедиялық жастықтар да шығарылып жатыр. Кейбір жандар басын өте биік етіп ұйықтағанды ұнатады. Бұл да мойын омыртқасына зиян.

Жастықты құшақтап жатып ұйықтағанды жақсы көретіндер де бар. Бұл оның жаны нәзік, баладай аңғырт екенінен хабар береді.

Жастықтарды жууға бола ма?

Табиғи мамықтан, жібектен әзірленген және ортопедиялық жастықтарда тек құрғақ тазартудың белгісі тұрса, онда мұндай жастықтарды жууға болмайды. Сол себепті сатып алардан бұрын ойланыңыз. Ал синтетикалық мамық, бамбук жастықтарын кір жуғыш машинадағы арнайы режим бойынша жуа аласыз.

Жастықты қанша уақыт пайдалану керек?

Жастықтың пайдалану мерзімі 5 жылдан аспау керек. Себебі ұзақ уақыт қолданылған жастықта көзге көрінбейтін микробтар пайда болады. Ал көздің жасымен «жуылған» жастықты осындай жайттар қайталанбас үшін мүлдем тастаған дұрыс.

Ұйқыңыз жайлы, жастығыңыз тек тәтті түстерге куә болсын!

http://massaget.kz/kyizdarga/shayra/24059/

Сурет: recept-sna.ru