АЛТЫНОРДА
Новости

Яценюк Киев үкіметін басқарудан бас тартты

АСТАНА. 28 қаңтар. BAQ.KZ – «Батькивщина» оппозициялық партиясының жетекшісі Арсений Яценюк Украина үкіметін басқарудан бас тартты деп хабарлады елдің әділет министрі Елена Лукаш. 

«Арсений Яценюк үкіметті басқаруға келісімін бермеді. Келіссөздер жалғасатын болады» деді Лукаш дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні.
Бұған дейін Янукович елдегі қақтығыстарды тоқтату үшін Яценюкке премьер-министрдің тағын ұсынған болатын. Келіскен жағдайда үкімет басшысы Николай Азаровты министрлер кабинетімен бірге отставкаға жіберуге де уәде берген еді.
Кеше түнге дейін созылған келіссөздер барысында Виктор Янукович 16 қаңтарда қабылданған заңдардың күшін жоятынын айтты.

Ал, «УДАР» партиясының көшбасшысы Виталий Кличко Янукович ел билеп тұрған кезде өзін үкімет құрамына аттап баспайтындығын мәлімдеп отыр. Әйгілі боксшыға бұған дейін вице премьер-министр лауазымы ұсынылғанын айта кетейік.

 

http://baq.kz/kk