АЛТЫНОРДА
Новости

Ұлттық арнада жаңа жоба – «Ашық әңгіме»

Хабар жүргізушісі – Айдос Сарым. Бағдарламада Қазақстанның мемлекеттік органдарының жетекшілері, танымал саяси қайраткерлер, зиялы қауым өкілдері, жазушылар, белгілі ғалымдар қонаққа шақырылады.  

Әңгіме барысында қонақтың өткен өміріндегі іс-әрекеттеріне, қабылдаған шешімдеріне, тағайындалған қызметтеріне шолу жасалып, бүгінгі қоғамдық проблемаларға көзқарасы, мәңгілік мәселелерге пікірі, жеке ұстанымы жөнінде сауалдар қойылады.

«Қазақстан» арнасының баспасөз маманы Қарлыға Сейстің айтуы бойынша, бағдарлама барысында блиц-сауалнамадан, әлеуметтік желілерден алынған сауалдар қойылып, сайттардағы сауалнаманың нәтижесі жөнінде пікірі сұралады. Бағдарлама соңында Сартр үлгісіндегі жылдам қысқа сауалдарға кезек беріледі. Сұрақтар аяқасты, тосын болады. Осы арқылы студия қонағын әр жақты сынап, түрлі қырынан ашу мақсат етіліп отыр.

Бағдарлама 30 бен 55 аралығындағы сауатты, саяси хабарлардан, ел ішіндегі тыныс-тіршіліктен хабары бар көрермендерге арналған екен.

«Қазақстан» Ұлттық арнасындағы «Ашық әңгіме» жобасының тұсаукесері 31-наурыз күні сағат 21.35-те  болады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

 

http://massaget.kz