АЛТЫНОРДА
Новости

Украина ресейлік актерге іздеу жариялады

Украина ішкі істер министрлігі ресейлік танымал актер Михаил Пореченковке былтыр қазан айында Донецк әуежайы аумағында украин әскерінің позициясына автоматтан оқ атқан оқиғаға байланысты іздеу жариялады. Министрлік сайтында Пореченковтің украин тергеушілерімен кездесуден қашқақтап жүргені және «теракт жасау» деген бап бойынша күдікке ілінгені айтылған.

2014 жылдың күзінде «Пресса» деген белгісі бар каска киіп алған ресейлік актер Михаил Пореченковтің Донецк әуежайы аумағында автоматтан атып тұрғаны бейнеленген видео тараған еді.

Қазанның 31-інде Украина ішкі істер министрлігі видеоға байланысты Михаил Пореченковтың үстінен іс қозғаған. Актер видеоның қойылым ретінде түсірілгенін, автоматтан бос патронмен атқанын және «Пресса» деген жазуы бар касканы тауып алғанын айтқан.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26817112