АЛТЫНОРДА
Новости

Уганда президенті даулы заңға қол қойды

Астана. 25 ақпан. Baq.kz – Уганда президенті Йовери Кагута Мусевени гомосексуалдарға байланысты даулы заңға ақыры қол қойды. Енді угандалық «көгілдірлер» мен «қызтекелер» өмірлерінің соңына дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.

Біржынысты некені қолдайтындардың барлығына осынау ауыр жаза қолданылмайды. Тек жасөспірімдерді немесе денсаулығында ақауы бар жандарды өз қатарларына тартқан гомосексуалистер өлгенге дейін абақтыға жабылуы мүмкін. Ал, өзгелеріне жазаның жеңілірек түрі қолданылады.
Парламент 2013 жылдың желтоқсан айында қабылдаған аталмыш заң жобасын Мусевени қол қоймай бірнеше рет қайтарып үлгерген болатын. Ал, ақпан айының ортасында ол бұл мәселеге байланысты ғалымдармен ақылдасатынын айтқан.
Ал, Батыс елдері болса Уганданың бұл бастамасына жаппай наразылық білдірді. Мәселен, АҚШ аталған заң жобасы қабылданған жағдайда Угандамен қатынасты күрт үзетінін мәлімдесе, дамыған өзге елдер Американы қолдай кетті.
Уганданың халқы болса гомосексуалдарға жазаның күшейтілгеніне разы. Тіпті, біржынысты некеге барған жандарды өлім жазасына кесуге де болар еді дейді тұрғындар.
Уганда — гомосексуализмге тиым салған африкалық 38 мемлекеттің бірі. Судан мен Мавританияда біржынысты байланысқа түскен жандар өлім жазасына кесіледі.

 

http://baq.kz/kk/news/43998