АЛТЫНОРДА
Новости

Түркияда қайтыс болған кеншілердің саны 282-ге жетті

Астана. 15 мамыр. Baq.kz – Түркияның Сома шахтасындағы жарылыстан көз жұмғандар саны артып отыр. Құтқарушылар таңертең жер астынан 282-ші адамның мәйітін алып шықты деп хабарлады елдің энергетика және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз.

Қазіргі таңда жер астында тағы 100-ден астам кеншінің бар екендігі хабарланып отыр. Олардың тағдыры белгісіз. Құтқарушылар апат болған шахтаға жол сала алмауда. Себебі, жарылыстан кейін өрт пайда болып, одан улы газ пайда болған.
Осы қайғылы оқиғадан кейін Түркияда тағы да наразылық шерулері басталды. Көтерілісшілер үкіметтің толық отставкаға кетуін талап етіп отыр. Кәсіподақ басшыларының пікірінше, апат шахтада техникалық қауіпсіздіктері мүлдем сақталмағандықтан орын алған.
Онсыз да саяси жағдай шиеленісіп тұрған Түркия билігі үшін бұл жығылғанға жұдырық болып отыр. Оның үстіне кеше Реджеп Тайып Ердоғанның кееңсшісі Юсуф Еркель көтерілісшілердің бірін соққыға жыққан. Бұл сәтті журналистер фотоға түсіріп, БАҚ беттеріне жариялап та жіберген.

 

http://baq.kz/kk/news/47194