АЛТЫНОРДА
Новости

Танымал актер Робин Уильямс өзіне қол салды

Астана. 12 тамыз. Baq.kz – Әйгілі америкалық актер Робин Уильямс Тиберон қаласындағы (Калифорния штаты) өз үйінде өлі табылды деп хабарлайды Reuters. Полицияның мәлімдеуінше, 63 жастағы өнер иесі өз-өзіне қол салған.

Қайғылы оқиға кеше жергілікті уақытпен 11:20-лар шамасында орын алды деп жазады The Los Angeles Times газеті. Шерифтің айтуынша, өлім тұншығудың салдарынан болған. Қазір полицияның қарастырып жатқан бірінші болжамы — суицид. Алайда, актер өлімінің нақты себебін анықтауға тағы бірнеше күн керек дейді тәртіп сақшылары. Сот-медициналық сараптама 12 тамыз күні жүргізілмек.
Робин Уильямс — «Оскар» сыйлығының иегері, «Алтын глобус» сыйлығының бес рет лауреаты атанған. Актердың танымал болуына «Қайырлы таң, Вьетнам» фильмі септігін тигізді. Сондай-ақ, ол «Миссис Даутфайр», «Август Раш», «Джуманджи» сынды фильмдерде де басты рольді сомдаған.

http://baq.kz/kk/news/51364