АЛТЫНОРДА
Новости

Таиландта шерушілер электр қуатын ажыратты

тайландТаиланд астанасы Бангкокте үкіметке қарсы шерушілер полицияның ұлттық штабы мен оған қатар тұрған аурухананы электр қуатынан ажыратып тастады.

Бүгін таңертең премьер-министр Йинглак Чинават демонстранттарды наразылықтарды тоқтатуға шақырған. Бүгін парламентте оған сенімсіздік вотумын білдіру дауысқа салынған еді. Демократиялық партия білдірген вотумды 134 депутат қолдап, 297 депутат қарсы дауыс берді.

Телеарнадан сөйлеген сөзінде Чинават шерулердің ел экономикасына кері әсер ететінін айтты.

Жексенбіден бері үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен наразы жұрт үкімет ғимараттарының алдына жиналып шеру өткізіп келеді. Демонстрация негізінен бейбіт сипатта өтіп жатыр.

Шеруге шыққандар Йинглак Чинават үкіметін оның ағасы, экс-премьер Таксин Чинават бақылайды деп айыптайды. 2010 жылы Таксиннің мыңдаған жақтасы Бангкоктің көп бөлігін басып алып, екі ай бақылауда ұстаған еді. Екі айда 90-нан астам қаза тапқан. Кейін Йинглак Чинават үкімет басына келген еді.

http://www.azattyq.org