АЛТЫНОРДА
Новости

ШВЕЦИЯ ПАЛЕСТИНАНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІГІН МОЙЫНДАЙДЫ

Швеция үкіметі бейсенбі күні Палестинаны мемлекет ретінде танитынын ресми жарияламақ, деп мәлімдеді елдің Сыртқы істер министрі Маргот Вальстром. Бұл туралы ВВС хабарлады. Осылайша, Швеция Палестинаны мемлекет ретінде таныған Еуропадағы бірінші ел болмақ.

Швеция жаңа құрылған Үкіметінің басшысы Стефан Левен осындай қадамға баруға дайын екенін қазан айының басында білдірген. Израиль Сыртқы істер министрі Авигдор Либерман бұл шешімді сынға алып, айыптаған болатын.

http://aikyn.kz/articles/view/60442