АЛТЫНОРДА
Новости

ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ МЕМОРИАЛДЫ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

202986_100002009855097_1458128493_qАқтөбеде ән әлемінің дарабозы Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай композитордың атындағы көшеде мемориалды тақта ашылды.

Мемориалды тақта Қалдаяқов пен Тургенев көшелерінің қиылысында орнатылған. Тақтаны ашу құрметіне мәдениет саласының ардагері Өтеміс Әкімов пен композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов ие болды.
Мерекелік іс-шараға композитордың шығармашылығын құрметтеуші қауым, Шәмші атындағы қор белсенділері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жиында сөз сөйлегендер композитордың отандық және әлемдік мәдениеттегі үлкен орнын, қазақстандықтардың Шәмші әніне деген зор махаббатын атап өтті.

Дуанабай Жолдасбек

 

http://www.aikyn.kz/