АЛТЫНОРДА
Новости

Семейде «Бейбітшілік саябағының» негізі қаланды

Астана. 21 сәуір. Baq.kz — Семейде «Бейбітшілік саябағының» негізі қаланды, — деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстанда Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен «Орнықты даму» Жер Қоры» қоғамдық ұйымы ұйымдастырған «Ұлттық орман отырғызу күні» атты республикалық экологиялық акциясы аясында Семейде «Бейбітшілік саябағының» негізі қаланды.

 

 

 

 


Семей қаласындағы Түйемойнақ аралындағы көк шыршалардан тұратын «Бейбітшілік саябағы» болашақ «Бейбітшілік музейіне» қарама-қарсы қатарға отырғызылды.
Орманды алқапты сақтап қалу мен қайта қалпына келтіруге арналған республикалық акцияға «Невада – Семей» ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыс – қоғамдық-саяси ұйымның белсенділері, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, шағын және орта бизнес өкілдері, қалалық ұйымдар мен мекемелер, жастар ұйымының белсенділері қатысты.
Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева:
Акцияға 5 мыңнан астам адам қатысып, 64 мыңнан астам ағаш отырғызылды, — деді.
Айта кетейік, Қазақстандағы орман қорының жалпы ауданы 28 млн. 786 мың гектар немесе ел аумағының 10,6 пайызын алып отыр. Ағаш өскен алқаптар 12 млн. 452 мың гектар, яғни орман қоры жерлерінің ауданының 43,3 пайызын құрайды.
http://baq.kz/kk/news/46119