АЛТЫНОРДА
Новости

Ресейде федерализация жайлы жазған журналист ұсталды

Ресей полициясы Мәскеуде «Новый Кузбасс» басылымының тілшісі Дмитрий Шипиловты ұстап әкеткен. Оның әріптесі, журналист Антон Ивановтың Facebook-тегі парақшасында хабарлауынша, Шипилов оған өзін Мәскеуде теміржол маңында ұстағаны туралы хабарлап үлгерген. Қазір оның қайда екені туралы мәлімет жоқ.

10 қыркүйекте «Новый Кузбасс» газетінде Шипиловтың «Сібірді федерализациялауды қолдау маршын» ұйымдастырушылардың бірі Артем Лоскутовтен алған сұхбаты жарияланған. Марш тамыз айында өтеді деп жоспарланғанымен, билік оған рұқсат бермей қойған.

Бұған дейін полиция марш белсенділерінің бірнешеуін ұстаған. Қыркүйектің басында маршты ұйымдастырушы Дарья Полюдова «экстремизм мен сепаратизмді насихаттады» деген айыппен ұсталған.

Ресей билігі Украинаның кейбір аймақтарын федерализациялауға, орыстілді тұрғындары басым облыстарына барынша көп өкілеттік беруге шақырады. Бірақ Кремль Ресейдегі билікті орталықсыздандыру ұсыныстарын басып тастауға бейіл.

http://www.azattyq.org/