АЛТЫНОРДА
Новости

Путин мен Порошенко Минскіде кездеседі

Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) мен Украина президенті Петр Порошенко. Франция, 6 маусым 2014 жыл.Ресей мен Украина президенттері Владимир Путин мен Петр Порошенко 26 тамызда Минскіде кездеседі деп хабарлады «Азаттық» радиосы Баларусь сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Дмитрий Мирончикке сілтеме жасай отырып..

Бұл ақпаратты Ресей және Украина президенттерінің баспасөз қызметтері де растады.

Путин мен Порошенко Минскіге Кеден Одағы елдері (Ресей, Қазақстан және Беларусь) басшыларының кездесуіне барады. Ол жиынға Еуропа Одағының өкілдері де қатыспақ.

Порошенко Шығыс Украинадағы «жағдайды тұрақтандыру» кездесуде сөз ететін мәселелердің бірі болуы мүмкін екенін айтады.

Украинаның шығысындағы сепаратистер мен үкімет әскері арасында қақтығыс болып жатқан өңірде тағы да бейбіт тұрғындар қаза тапқаны хабарланды. Украина ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Андрей Лысенконың айтуынша, 18 тамызда елдің шығысындағы қақтығыс аймағын тастап шығып бара жатқан бейбіт тұрғындар көлігіне сепаратистердің жасаған шабуылынан «ондаған адам» мерт болған. Құрбан болғандардың арасында балалар да бар. Лысенко журналистерге қаза тапқандардың нақты санын білмейтінін айтты.

Киевтің мәлімдеуінше, шабуыл Луганск облысының Хрящеватое және Новосветловка селолары маңында жасалған. Көлікте бейбіт тұрғындар барын білдіретін ақ ту жапсырылған.

Бірақ сепаратистер өкілі Константин Кнырик «Интерфакс» агенттігіне берген сұқбатында бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

http://alashainasy.kz/sabaktar/53178/