АЛТЫНОРДА
Новости

Порошенко: Атыс тоқтамаса, «Б» жоспары қосылады

Украина президенті Петр Порошенко (ортада). Донбасс, 20 маусым 2014 жыл. Украина президенті Петр Порошенко «сепаратистер қарулы қарсылықтарын доғармаса, балама жоспар іске қосылатынын» ескертті. 

Порошенко 20 маусым күні Донецк облысына сапары кезінде «бір аптаға атысты тоқтату тұру» туралы мәлімдеген еді. Ол 21 маусым күні телеарнадан жасаған үндеуінде «Кімде-кім осы бейбіт үзілісті пайдаланып күш біріктіруге, ары қарай соғысуға дайындық жасауға тырысса «Б» жоспары іске қосылады» деп мәлімдеді.

Порошенко балама жоспар туралы егжей-тегжейлі айтпады. Ол тек «атысты тоқтату туралы келісім нәтиже береді деп сенетінін» хабарлады.

21 маусым күні Ресей президенті Владимир Путин «Порошенконың Украинаның шығысында атысты тоқтату туралы ұсынысын қолдайтынын» мәлімдеп, бұл жоспардың «нақты іс жасалмайынша іске аспайтынын» ескерткен.

Путин «Порошенконың бейбіт жоспары сепаратистерге ультиматум қоюға ұласпауы тиіс» екенін, «келіссөздерді бастайтын уақыт келгенін» мәлімдеді.

http://www.azattyq.org/content/news/25430796.html