АЛТЫНОРДА
Новости

Париж Украинаға қатысты мәлімдеме жасады

Франция мен Германия Украинаның шығысындағы қарулы қақтығысты тоқтату режимі «жалпы алғанда сақталып» отыр деп біледі. Франция президенті кеңсесінің мәлімдеуінше, бітімге арағайын болған екі ел басшылары «бірен-саран жерде атыс оқиғасы» болғанын айтып, бұдан ары ондай оқиғалар қайталанбауы тиіс деген.

Франция президенті кеңсесінің мәлімдемесінде Франция президенті Франсуа Олланд пен Германия канцлері Ангела Меркель жексенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен және Украина президенті Петр Порошенкомен телефонмен сөйлескені айтылады. Президенттер «Минск келісімінің келесі кезеңін іске асыру жұмыстарын ары қарай жүргізе беру қажеттігін» айтқан.

BBC-дің хабарлауынша, ресейшіл сепаратистер қоршауында қалған Дебальцево қаласы маңында артиллериядан атқылау толастамай тұрғанына қарамастан, жалпы Донбасста қақтығысты тоқтату режимі күшінен енгеннен бері атыс тоқтаған.

Сепаратистер бұған дейін Дебальцевоны «өз территориямыз» деп санайтынын айтып, «қаланы атқылауға хақымыз бар» деп мәлімдеген.

Украина әскери ведомствосы өкілі бітім күшіне енгеннен кейінгі алғашқы сағаттарда үкімет әскері шамамен 60 рет атқыланғанын хабарлаған.

ЕҚЫҰ бақылаушылары бітім негізінен сақталып тұрғанымен, өздерін Дебальцевоға кіргізбей қойғанына шағымданған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150216/330/330.html?id=26851466