АЛТЫНОРДА
Новости

Осло мұсылмандары еврейлермен ынтымақтық шарасын өткізді

Норвегия астанасы Осло қаласында ақпанның 21-і күні мыңнан аса адам Еуропаның еврейлер қауымдастығымен ынтымақтастық акциясын өткізді. Шараға қатысушылардың көбі мұсылмандар болды.

Акцияға шыққандар синагоганың айналасына шеңбер жасап тұрды және синагогадан шыққан еврейлерді қол шапалақтап қарсы алды. Бұл шараны ұйымдастырып өткізген жас мұсылмандар қоғамы өкілдері «бүгінгі қоғамда антисемитизм мен исламофобияға жол жоқ, адамзатқа бейбіт өмір ортақ» деп мәлімдеген.

Соңғы уақытта Еуропаның бірқатар елдерінде еврейлерге қарсы шабуылдар жасалған. Еврейлер ұлттық қауымдастығының жетекшілері Еуропада антисемиттік көңіл-күйдің жиі қылаң бере бастағанына алаңдаушылық танытқан.

Өткен аптада Дания астанасы Копенгагенде палестиндік иммигранттар отбасынан шыққан 22 жастағы жігіт екі адамды атып өлтірген. Құрбан болғандардың бірі жергілікті синагогада күзетші болып істеген.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150222/330/330.html?id=26862483